Түркістан облысы, Келес ауданындағы 8 елді мекеннің атауы өзгерді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының бірлескен шешіміне сәйкес, Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің М.Горький ауылы бұдан былай «Кеңдала» аталады.
Ал, Ақтөбе ауылдық округінің орталығы Қызыләскер ауылы «Лесбек батыр» атауына ие болды. Сондай-ақ, аудандағы Орджиникидзе ауылы «Сәмбет Саттаров», Димитрово ауылы «Ораз ата», Әзербайжан елді мекені «Көлтоған», Ленин жолы ауылы «Ақжол», Первое мая ауылы «1 мамыр», Коммунизм елді мекені «Ащысай» болып өзгертілді.