Оның айтуынша, аталған бағдарламаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеуде. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

«Бүгінде отандық көліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бағдарламаны іске қосу мәселесін шешу үшін бірнеше ай керек», – деді Премьер-министр.

Айта кетейік, өткен аптада Әлихан Смайылов Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған бағдарламаға 100 млрд-тан аса теңге бөлінетінін айтқан. Бұл қаржы тұрғындарға отандық көліктерді сатып алу үшін беріледі.