Енді стипендиялар студенттердің шоттарына тікелей төленеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Енді стипендиялар студенттердің шоттарына тікелей төленеді деп жоспарланып отыр. Яғни осыған дейінгі ЖОО-ға аударатын жүйе болмайды. Сонымен қатар біз уәде бергеніміздей, жоғары оқу орындарының гранттары үшін қаржыландыру да студенттерге тікелей жолдама ретінде беріледі. Ал кейін қаржыны студенттердің өздері жоғары оқу орындарына төлейді», деп жазды министр.