Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Бақтыбай ауылы тұрғындарымен кездесу өткізілді

Басқа ақпараттар

Бұған дейін «Алматы — Өскемен» республикалық трассасының жаңғырту жұмыстарына қатысты туындаған проблемаларын шешу туралы өтініш білдірген Ескелді ауданы Бақтыбай ауылы тұрғындарының бастамашыл тобымен облыс әкімі Амандық Баталов кездесті.

Тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдаған облыс басшысы құрамында облыстық және аудандық әкімдіктің, «КазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының, тиісті облыстық басқармалардың өкілдері бар жұмыс тобы құрылғанын жеткізді.

А. Баталов жиында жұмыс тобына бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен республикалық трассаны жаңғырту жұмыстарына байланысты сұрақтары бар әрбір тұрғынның үйді-үйін аралап, тілдесуді тапсырды. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ортақ шешімге келу қажеттігін, алайда бұл орайда қолданыстағы заңнамалар талаптарының қатаң сақталуы керектігін баса айтты.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img