Орталық Азия бүгінгі қиылысу нүктесі: неліктен әлемдік автобизнес Қазақстанға бет бұрып жатыр

Басқа ақпараттар

EXPO Халықаралық көрме орталығында ауқымды көрмелердің бірі әрі бірегейі Automechanika Astana көрмесіөтіп жатыр. 23 елден 400-ден астам компания, Қытай, Өзбекстан және Иранның ұлттық павильондары бар. Бұл Орталық Азиядағы автобизнестің даму бағытынайқындайтын шара.

Он жыл ішінде Automechanika Astana өңірлік көрмеденОрталық Азияның автомобиль саласындағы негізгі келіссөзалаңына айналды. Биылғы жылы көрме рекорд жаңартып отыр. Қазақстан, Германия, Қытай, Ресей, БАӘ, ОңтүстікКорея, Үндістан және басқа елдерден 400-ден астамэкспонент қатысуда.

«Халықаралық салалық көрмелер ел саясатын жүзегеасырудың практикалық құралы: мемлекет, бизнес жәнехалықаралық серіктестердің тікелей диалогы, технологиялар трансфері және нақты келісімшарттар»,Әсет Нүсіпов, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі.

«Көрмесала жай-күйінің тірі индикаторы. Бүгінде шетелдік серіктестердің Қазақстанға дегенқызығушылығының артып келе жатқанын көріп отырмызжәне автомобиль секторының дамуын қолдауғадайынбыз», Серік Жараспаев, ҚР Туризм және спортвице-министрі.

Бір алаңда автомобиль үшін қажеттінің бәрі бар: қосалқыбөлшектер, майлар, автохимия, СТО жабдықтары, шиналар, диагностикалық шешімдер. Кәсіпкерлердің шетелдіккөрмелерге баруын қажет етпейді, өйткені керектің бәрі Астанада.

Сондай-ақ, астананың халықаралық алаң ретіндегі рөліннығайту мақсатында Messe Frankfurt пен Астана әкімдігіарасында меморандумға қол қойылды.

«Өңірдің одан әрі өсуге зор әлеуеті зор. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастыратын боламыз. Automechanika Astana-ның 10 жылдығын атап өтуге қуаныштымыз», деді Йорг Зайфарт, Messe Frankfurt қаржы және стратегиядиректоры.

«Он жыл ішінде біз тек көрме ғана емесмәмілелермен серіктестіктер туатын орта жасадық», деді Ануар Малик, Business Media Central Asia директоры.

Автосаланың технологиялық қайта құрылуы елдіңэнергетикалық кешені алдына жаңа міндеттер қояды. Электромобильдердің өсуі зарядтау инфрақұрылымын, алклассикалық көлік жоғары технологиялы отынды қажететеді. Екі бағыт та энергетика вице-министрінің қатысуыменкөрме алаңында талқыланды.

«Автомобиль индустриясы күн сайын біздіңэнергетикалық кешенімізге жаңа стратегиялық сын-тегеуріндер қояды. Электромобильдер секторының өсуіқалалық зарядтау инфрақұрылымын жедел кеңейтубағытын белгілейді. Бүгін көлік пен энергетика бірыңғайүйлесімді тетік ретінде жұмыс істейді», атап өтті Ерлан Ақбаров, ҚР Энергетика вице-министрі.

Көрме аясында ресми бағдарлама әзірленген. ОндаAutomechanika Academy сессиялары, B2B-келіссөздер, үздікавтоблогерлермен Live Stage (Бейбіт Әлібеков, Талғат Итаев, Арман Юсупов және басқалар). Бас серіктес — Shell Lubricants.


Көрме
1012 маусым аралығында жұмыс істейді, EXPO МКО, Астана.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз