Алматы облысында биылғы жылдың бірінші жартысында 4 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарлауынша, қазіргі кезде жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгеге 22 денсаулық сақтау нысананың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тағы 7 нысан 976,2 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтуде.
Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестің 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының талаптарына сай атқарылған жұмыстар нәтижесінде өңірде биылғы жылдың бірінші жартысында сырқаттанушылық 6,6 %-ға төмендеген. Өткен жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес қызметінде жүргізіліп жатқан интеграциялауға сәйкес 5 аудандық туберкулез ауруханасы Талдықорғандағы облыстық және Талғар аймақтық туберкулезге қарсы диспансерге біріктірілді.