Понедельник, 13 января, 2025
No menu items!

Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды

Басқа ақпараттар

Бақтияр Артаев Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Оны актив отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев таныстырды.

«Бақтияр Ғарифоллаұлы – барлығыңызға жақсы таныс, өз ісінің білікті маманы, мықты менеджер. Спорт саласының жандануына орасан зор үлес қосқан азамат. Бақтияр Ғарифоллаұлының осы кезге дейін алған білімі мен жинаған мол тәжірибесін ескеріп, Сыр өңіріндегі спорт және туризм саласын бұрынғыдан да қарқынды дамытады деп сенім білдіреміз», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Бақтияр Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз