Среда, 5 февраля, 2025
No menu items!

Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты

Басқа ақпараттар

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді.

✔️Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.

✔️Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов «Болашақ» шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.

▪️Кәсіпорын «Миллионное» және «Алмас-Жемчужина» кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.

✔️Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.

Соңғы жарияланымдар

Хәкім Зиеш ат басын Катарға бұрады

31 жастағы ойыншы «Әл-Духаил» сапына ауысуға жақын. Катардағы бір жылда алатын жалақысы шамамен 7,5 млн еуроны құрайды екен. Сондай-ақ бонустары да...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз