Вторник, 11 марта, 2025
No menu items!

Төтенше жағдай кезінде қандай құжаттар мерзімі өтсе де жарамды?

Басқа ақпараттар

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Төтенше жағдай режимі кезінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ел аумағында енгізілген Төтенше жағдай режимі кезінде бірқатар құжаттар жарамдылық мерзімі өтсе де жарамды деп танылады. Атап айтқанда:

— Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты және жеке куәлігі;

— ҚР аумағында шетелдіктің тұру ықтиярхаты;

— Азаматтығы жоқ тұлға куәлігі;

— Босқын куәлігі;

— Пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

— Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатнама;

— Визалар;

— Еңбек мигранттарына рұқсатнама.

«Аталған құжаттарды ауыстыру немесе ұзарту әкімшілік жауапкершілікке тартпастан, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер осы мәселе бойынша Төтенше жағдай аяқталған соң 30 тәулік ішінде жүгіне алады», — деді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз