Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті әрі олардың бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев айтты.
«Қаланың сауда нысандарына мониторинг жүргіземіз. Елорда аумағында азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ. Қаланың периметрі бойынша 6 блокпост қойылған. Барлық блокпосттар бойынша алғашқы күннен бастап азық-түлік өнімдерін кіргізу және жеткізу бойынша үздіксіз жұмыс жолға қойылды. Азық-түлік тауарларын жеткізуге қатысты іркілістер жоқ. Барлық сауда нысандары коменданттың бұйрығымен штаттық режимде жұмыс істейді. Рұқсат етілген уақыт таңғы сағат 8-ден 22:00-ге дейін», — деді Ерлан Бекмұрзаев.