Шығыс Қазақстан облысы Көгедай ауылының тұрғыны шыны бөтелкелерден монша салып, жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл ғимаратты Бақытбек Бостаев екі ай ішінде тұрғызыпты. Құрылыс материалы ретінде түрлі сусынның құтысын қолданған. Негізінен алкогольді ішімдік бөтелкелерін пайдаланыпты. Пішіні мен түрі әрқилы болғанымен, түсін бір реңге келтіруге тырысқан. Құрылысқа 6 мыңнан астам ыдыс кетті. Енді үйінің алдына қосымша бөлмені де осы әдіспен салуды көздеп отыр.
Шебердің өнеріне тәнті болған ауылдастары құрылыс материалдарын жинауға көмектесіп жүр.
Бақытбек Бостаев, Көгедай ауылы тұрғыны:
– Бұрын да моншам болған. Бұл енді интернеттен көргеннен кейін сол салып көрейін деп ойладым. Сондай ойым болды. Сол бетте салдым. Енді іші жылы болады. Екіншіден, ыс тартпайды шыны. Күнге жылиды. Бөтелкелерді балалар қоқыстан жинады, мен салдым.