Алматы полициясы қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жариялады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлім етті.
«Қазақстан Республикасы ҚК-нің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында (қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және оған басшылық ету) көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Саидбаев Әзімжан Алымжанұлын іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау», — делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылған.