Global Firepower 2022 рейтингінде Қазақстан белсенді әскери персонал саны бойынша әлемнің 142 елінің арасында 67-ші орында тұр.

Рейтинг деректері бойынша еліміздегі әскери қызметшілердің саны – 45 мың адам.

Бұрынғы КСРО елдері арасында Қазақстан армия саны бойынша Ресей (850 мың), Украина (200 мың), Әзербайжан (65 мың), Өзбекстан (55 мың) және Беларусьтен (45 мың) қалыс қалып отыр.

Қазақстан рейтингіде Армения, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдовадан жоғары орналасқан.

Әскерге шақыру жасындағы азаматтар саны бойынша Қазақстан 142 елдің арасында 70-ші орында. Көршілес елдерден бұл көрсеткіш жағынан Қазақстаннан тек үш ел – Ресей, Украина және Өзбекстан ғана алда.

Дереккөз: ҚазАқпарат