Мәжіліс депутаты, политолог Саясат Нұрбек елімізде 129 түрлі мамандық жойылу алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжіліс депутаты бұл туралы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді.
Қазақстанда 129 мамандық жойылады. Біріншіден, бухгалтерлер ақырындап кете бастайды. Екіншіден, учетчик пен қоймашылар кетеді. Неге десеңіз, қазір бәрі автоматтандырылған жүйелерді көп қолданып жатыр. Үшіншіден, өндірісте жүрген аккумуляторшылар, концентратор жасайтын мамандар қажетсіз болады. Сонымен қатар кітапханашыларды айтуға болады. Оларда да бәрі автоматтандырылған жүйеге көшіп жатыр. Одан кейінгі кезекте нотариаттар тұр. Елімізде 4500 нотариус бар десек, соншалықты көп нотариус керек болмай қалады. Қазір Әділет министрлігі автоматтандырылған нотариус жүйесін енгізіп жатыр. Ал онда жұмыс істейтіндер алдағы 4-5 жылда не заңгер, не заң кеңесшісі болуы керек, дейді Саясат Нұрбек.
Нартай Аралбайұлы Саясат Нұрбектен «Журналистер мен депутаттар керек пе?» деп сұрады. Мәжіліс депутаты журналистер мен заң шығаратын адамдардың керек болатынын айтты.