Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберіндегі ІІ Халықаралық жиынға қатысуға шақырады.

Конференция 13 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өтеді.

Ғылыми конференция үш тілде өтеді: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның бағдарламасы мен қатысу шарттарын мына сілтемеден көруге болады.