Биыл Алматы облысында «Нұрлы жаз-2017» жазғы маусымы шарасы барысында 30 лагерь жұмыс істейтін болады.
Солардың бірі «Арман дала» сауықтыру лагері салтанатты түрде өз жұмысын бастады. Әр лагерьде балалардың жан-жақты дамуына және салауатты өмір салтына дағдылануларына бағытталған бағдарламалар әзірленген.
Нұрсұлтан Нұрланбеков, оқушы:
— Осы лагерьге екінші рет келіп тұрмын. Осы жақта күшті вожатыйлар, сосын балалар жақсы. Достарым да бар. Бұрынғы лагерге келген достарым да бар. Демалыс орындарындағы негізгі мақсат — баланың ой өрісін дамыту, мәдениетін арттырып, шығармашылыққа баулу. Спортта, туризм мен өлкенатуда түсінік-танымын кеңейту. Сонымен қатар лагерь өкілдері арасындағы бала тәрбиесі мен демалысты сапалы ұйымдасытру ісінде тәжірибе алмасу.
Жақсылық Омар, Алматы облысы әкімінің орынбасары:
— Биыл 30 мыңға тарта аз қамтылған отбасылардың балалары осы жазғы лагерлерде дамалатын болады. Үшінші мәселе біздің облысымыздың 5 мың баласы Експоны тамашалап, Астанаға жол татартады. Бұған облыстық бюджеттен 250 млн теңге қарастырылды. Ертеңнен бастап сол балаларымыз Астанаға сапарларын жасайтын болады.
Облыстағы «Нұрлы жаз-2017» балалардың кезекті демалыс маусымының ашылуы жағымды жаңалыққа толы.