Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

4 жыл велосипедпен саяхаттап жүрген испандық Росио Отера Жетісуға жетті

Басқа ақпараттар

Испандық Росио Отераның әлем бойынша саяхаты жетісулықтарды таңғалдырды. Шетелдік қонақ өзге туристер сынды қонақүй іздеп сабылмайды. Керсінше, кез келген жерге шатырын құрып, түнеп, алаңсыз саяхатын жалғастыруда.

Росио үшін қазір ең қажетті үш зат бар, ол — велосипед, планшет және шатыр. Дәл осы үшеуі сапарының ойдағыдай жалғасуына сеп болып отыр екен.

«Планшетімде интернет ұстамай қалғанда әрине қатты уайымдаймын. Себебі, мен өзімнің  қай жерде жүргенімді және жақын жерде қандай ауыл, қала  бар екенін интернет арқылы біліп отырмын. Кеш қарайғанша елді-мекендерге жетуге тырысамын. Кез келген үйдің ауласына кіріп, далада шатырымды құрып түнеуге рұқсат сұраймын. Қаражатымды үнемдеу үшін  шатырда түней беремін. Қорықпаймын. Әрине, таңырқап қарайтындар өте көп. Бірақ, қазақтар өте қонақжай халық екен. Дастархан жайып, құрметтейтіндер де болады», — дейді Росио.

Испандық турист төрт жылдан бері осылайша саяхатын жалғастыруда. Ол Жапониядан 2013 жылы  Индонезияға ұшақ арқылы жеткен. Нақты велосипедпен саяхатты осы Индонезия жерінен бастағанын айтады.  Ал  Қазақстанға Қытай елі арқылы келген.

«Осы төрт жыл ішінде бірнеше елде болдым. Барлығын тек велосипед арқылы аралап жүрмін. Осындай саяхат жасау үшін көп жылдар бойы дайындалдым. Көптеген  елдің көрікті жерлерін көрдім, тарихымен, мәдениетімен таныстым. Қазір барлығы ойдағыдай жалғасуда», — дейді ол.

Қыс мезгілінде жылы аймақтарға бағыт бұратынын айтқан турист Қазақстаннан кейін Қырғызстан, Өзбекстанға баруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img