Пятница, 14 марта, 2025
No menu items!

Алматы облысында үздік жас отбасы анықталды

Басқа ақпараттар

Алматы облысында дәстүрге айналған жас отбасылар байқауы өтті. «Мәңгілік ел -мәңгілік отбасы» атты додада 16 шаңырақ өзара бақ сынасты. Бұл жанұялардың барлығы аудандық жарыста топ жарғандар.

Салтанатты рәсімді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауда бақ сынасқандар «Отбасылық эстафеса», «Қанекей балақай», «Жүйрік болсаң, озып көр», «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» «Таныстыру» «Өнерліге өріс кең» сынды аталымдар бойынша өнерлерін ортаға салды.

Жарыстың нәтижесі бойынша бас жүлдені Қаратал ауданының Какимовтар отбасы иеленді. Ал 1- ші орынды Кербұлақ ауданынан Тұрысбековтар , 2- ші орынды Жамбыл ауданынан Тәуірбековтар жанұясы, 3- ші орынды Сарқан ауданынан Маратовтар отбасы жеңіп алды.

Биылғы жылы «Мәңгілік ел -мәңгілік отбасы» облыстық жас отбасылар байқауы жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Байқаудың мақсаты жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет- ғұрыптарын сақтай отырып, оны жан- жақты насихаттау, болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беруге, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған. Жыл сайын аталған жарысқа қатысушылардың саны артуда. Мәселен, өткен жылы байқауға 9 отбасы қатысса, осы жылы 16 шаңырақ бақ сынасуға өтініш білдірген.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз