Басты бет Жаңалықтар Туризм «Ең үздік аралдармен» таныс болыңыздар (жалғасы)

«Ең үздік аралдармен» таныс болыңыздар (жалғасы)

Әлемнің ең керемет аралдарын саяхаттауды жөн көрсеңіз, бұл жазбаның сізге көмегі болары сөзсіз. Басы алдыңғы жазбада.

Майорка, Испания

Шопен мен Мироны шабыттандырған арал қазіргі таңда көктемгі демалыстың Отанына айналды. Жағажайдың солтүстік батыс бөлігін бойлаған Сьерра-де-Трамонтана тау шатқалы аралға ерекше көрік береді.

Қонақ үйге бір күнге тоқтау: 163 $
Маусымдық бағалары: көктем: 145 $, жаз: 173 $, күз: 162 $, қыс: 200 $
Маусымаралық алдын ала жалдау кезінде 28 % пайызға дейін жеңілдік алуға болады.

Маврикий, Африка

Маврикий – Африкадағы ең қызықты тропикалық жұмақ. Аралдың заманауи астанасы Порт-Луи – тіршілігі қайнаған, базарлар мен әдемі бұрыштарға толы қала. Шытырманға толы демалыс қаласаңыз, Trou d`Argent Beach жағажайына барыңыз.

Қонақ үйге бір күнге тоқтау: 193 $
Маусымдық бағалары: көктем: 216 $, жаз: 185 $, күз: 236 $, қыс: 286 $
Маусымаралық алдын ала жалдау кезінде 24 % пайызға дейін жеңілдік алуға болады.

Пхукет, Тайланд

Кәсіби дайверлер мен жағажай демалысын жақсы көретіндерді магниттей тартатын Таиландтың ең үлкен аралы Андаман теңізінің жағасында орналасқан. Демалып келушілер Пхукеттің солтүстік-батыс жағасында орналасқан, әуежайдан 15 минут қашықтықтағы Trisara Phuket қонақ үйіндегі жеке үйшіктерді жалға ала алады. Сан алуан жағажайлар, Патонгтың түнгі өмірі миллиондаған туристерді ғашық етеді.

Қонақ үйге бір күнге тоқтау: 193 $
Маусымдық бағалары: көктем: 216 $, жаз: 185 $, күз: 236 $, қыс: 286 $
Маусымаралық алдын ала жалдау кезінде 24 % пайызға дейін жеңілдік алуға болады.

Бора-бора, Франция

Бұл аталған аралдардың ішіндегі ең романтикалы арал. Табиғаттың нәзік, астарлы сұлулығына тамсанатындар мен шытырман сүйгіштер Отеману жаңартауының әдемі көрінісімен сусындай алады. Сонымен қоса, аралда көгілдір түсті лагуналар, жұмсақ, ақ құм мен күннің әдемі батуы тағы бар.

Қонақ үйге бір күнге тоқтау: 635 $
Маусымдық бағалары: көктем: 593 $, жаз: 649 $, күз: 642 $, қыс: 558 $
Маусымаралық алдын ала жалдау кезінде 9 % пайызға дейін жеңілдік алуға болады.

ФЕРНАНДУ-ДИ-НОРОНЬЯ, БРАЗИЛИЯ

Фернанду-ди-Норонья архипелагы ерекше экожүйесі үшін ЮНЕСКО мұраларының қатарына кіреді. Келушілер саны шектелген, дегенмен бұған жеткен бақыттылар жағажай мен жылы суынан ләззат алып, дельфиндермен қатар жүзіп, ойнай алады.

Қонақ үйге бір күнге тоқтау: 349 $
Маусымдық бағалары: көктем: 375 $, жаз: 401 $, күз: 423 $, қыс: 450 $
Маусымаралық алдын ала жалдау кезінде 17 % пайызға дейін жеңілдік алуға болады.

Exit mobile version