Среда, 5 февраля, 2025
No menu items!

ҚР ТСМ жанындағы комиссия СҚO спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша отырыс өткізді

Басқа ақпараттар

ҚР Туризм және спорт министрінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткерлердің кандидатурасы қарастырылды.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшылығына «Есіл-СК» волейбол клубының директоры Әділ Мәкенов және Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанованың кандидатуралары ұсынылды.

Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі, өңір спортын дамытуға қатысты жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджмент негіздерін меңгеру деңгейіне қатысты сұрақтар қойды.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.

Соңғы жарияланымдар

Хәкім Зиеш ат басын Катарға бұрады

31 жастағы ойыншы «Әл-Духаил» сапына ауысуға жақын. Катардағы бір жылда алатын жалақысы шамамен 7,5 млн еуроны құрайды екен. Сондай-ақ бонустары да...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз