Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.
Санжар Ташкенбай 48 кг дейінгі салмақтың аса тартысты өткен финалында өзбекстандық қарсыласы Шодиержон Меликузиевке есе жіберді. Төрешілер есебі: 1-4.
Осылайша, 21 жастағы Санжар Азия чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанды. Ол осыған дейін 2022 жылы Амман қаласында қарсылас шақ келтірмеген.