«Кайрат» АФК және Қазақстан Ұлттық құрмасының бас бапкері Рикардо Кака өнер жұлдыздарынан құралған «Алатау» командасына шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады.
«Алатау» өнер командасы Мәскеуде өтетін әлем чемпионатына ресми шақыртуын алған. Дүбірлі дода тамыз айының 13-21 аралығында өтеді.
Жарысқа дайындық кезеңінде Рикардо Кака «Алатау» командасының жаттығуына көмектесіп, шеберлігін шыңдайды.
«Алатау» өнер командасы 2017 жылы өткен әлем чемпионатының финалында Ұлыбритания құрамасынан басым түсіп, алтын жүлдені жеңіп алған еді.