ESPN арнасының шолушысы және инсайдер Майк Коппинджер Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) – Риота Мурата (16-3, 13 КО) жекпе-жегіне баға бере отырып, GGG-дің Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекте жеңіске жету мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, Головкин 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

«Кейінгі кездесуден кейін Головкин «Канелоны» жеңе алады дегенге сену қиын. Альварес қазір нағыз бабында, ESPN рейтингінде көш бастап тұр. Бірақ Головкин жекпе-жекті сенімді аяқтап, қазіргі нағыз бокс жұлдызы «Канеломен» үшінші рет жекпе-жек өткізу мүмкіндігін сақтап қалды.

Ол әлі де бұрынғы күшін жоғалтқан жоқ. Головкиннің жағы әлі де ауыр соққыларға төтеп береді. Муратаның соқысы мықты, Головкинге бірнеше рет мығым соққы жасады, бірақ GGG еш тайсалмады», — деді сарапшы.