Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің басты бағыттары:
– Оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы.
– Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
– Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру.
– Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу.
– Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
– Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады.

Сондай-ақ сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.