Аударма жəне шет тілдері
- Ешқашан автоматты аудармашыны пайдаланбаңыз
- Бір ғана жағдайда пайданыңыз, алдыңызда тіл білетін ешкім болмай, ал сəзге жазылған ақпараттың мағынасына көз жеткізу керек болса.
- Мүгедек, паразит сөздерді пайдаланудан аулақ болыңыз.
- Сөздіктегі сөздің алғашқы жазылған мағынасымен шектеліп қалмаңыз.
- Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін мұқият қадағалап оқыңыз.
- Мағынасы күмəнді сөздердің түсіндірмесін əрқашан сөздіктен қарап отырыңыз.
- Егер сіз іскерлік ағылшын тілін білсеңіз, ол өнертану не компьютерлік тақырыптағы мəтінді түсінетіндігіңізді білдірмесе керек.
- Шетелдіктермен өз тілдерінде сөйлесуге тырысыңыз. Ол сіздің мамандығыңызға өте пайдалы екенін ұмытпаңыз.
- Көптеген журналистер еріншектігінен тек қазақтілді дереккөздерден ғана сусындап отырады.
Шет тілдегі дереккөздерге жету мүмкіндігі сізге бəсекелік артықшылық беретінін ескеріңіз.
Этика жəне баспасөз қызметімен қатынас.
- Баспасөз конференциясына тек ол сіздің басылымыңызға пайда əкелсе ғана қатысыңыз.
- Уақытыңызды фуршеттерге емес, сұрақ қоюға көбірек жұмсаңыз.
- Пиар-мамандар сізге өзінде бар ақпаратты жібере берсін, керектісін өзіңіз іріктеп аласыз.
- Баспасөз хатшысына ақпаратты тексеріп не нақтылап алу үшін қоңырау шалуға ерінбеңіз.
- Пресс-релизді басқа деректер арқылы тексеруді де ұмытпаңыз.
- Əрқашан алғашқы дереккөзді ізденіңіз, қайталанған ақпаратқа сенім артпаңыз.
- Пиар-мамандарынан өз контакктарыңызды жасырып қалмаңыз, олар пайдалы болуы мүмкін.
- Ештеңеге қарамастан, пиар-қызметтіе эмбаргосын сақтап отырыңыз.
- Эмбарго болған жағдайда ескеретін нəрсе: егер ол бəсекелестерден таралған ақпарат болса, сақтамауға болады. Белгісіз болып қалғысы келген дереккөзіңізді ешқашан жəне ешкімге, ешқандай жағдайда жарияламаңыз.
- Материалға қатысты ақпарат көздеріне мақала жазардан бұрын хаи жазыңыз. Егер 40 минуттай хатқа жауап болмаса, онда қоңырау шалыңыз.
- Пошта арқылы сұрау салу сəтті аяқталса, дайын мəтінге қол жеткізесіз.
- Баспасөз қызметтері телефонмен түсініктеме бермейтін компаниялардың тізімін біліп жүріңіз.
- Қымбат сыйлықтарды сіздің сұрауыңыздан тыс жіберсе, қабылдамаңыз, қайтарып жіберіңіз.
- Өз құқықтарыңызды ешқашан ұмытпаңыз, материалды өзгертпекші болған себепсіз бопсалауларға ермеңіз.
- Мəтінді ешқашан басқа жерден көшіріп алмаңыз.
Авторы: Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ