Әке кеңесі

5802

Әкем айтқан жігерлі сөздерден бастайын:

1. Әрқашан сенімді бол.Сенімің сені алдамайды.

2. Өз жолыңды, жүрек қалауыңды таңда. Қалауыңды тапқан екенсің,жүрген жолыңда білімді бол. Білімді ешқашан жерде қалмайды.

3.Қателікке жол берме.Міне жаздым деп жазғаныңды жариялай салма. Бабында ма, сүрленген бе байқа? Нақты нүкте қойылып аяқталса,сәттілік!

4.Ең жақын досың – кітап!

5.Көзбен көргеніңе, әр сөзіңе,істеген ісіңе жауапты бол.

6.Бауырмашыл бол! Барың-бауырларың, туғандарың.

Қыз баласы анасымен сырлас болғанымен, әкесінің бар мейірімен мәпеленеді. Әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. Әке – қомқоршымыз, ең керемет қолдаушымыз. Мықты тәрбие мектебінің ұстазы!

Шаршаса да сыр бермеген әкешім,

Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.

Өзің де үлгі, ісің де үлгі қызыңа,

Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін.

Авторы: Сәулет Ибрагимқызы