Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Алматыда сауда орындары, базарлар жұмыс істеп тұр

12 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында 149 ірі және орта супермаркеттердің 120-сы жұмыс істейді (80,5%). Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды.

Басқа ақпараттар

12 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында 149 ірі және орта супермаркеттердің 120-сы жұмыс істейді (80,5%). Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды.

Тәртіпсіздік барысында ірі сауда желілерінің 31 объектісі зардап шекті («Магнум» — 19, “Тоймарт» — 11, “Интерфуд» — 1). Бүгінде барлық 52 сауда базары жұмыс істейді. Базарлар арасында зардап шеккен нысандар анықталған жоқ.

220 ЖЖҚБ-ның 127-сі ашылды (58%). 13 қаңтардан бастап қосымша 33 желілік емес жеке ЖЖҚБ (15%) ашу жоспарлануда. Жанар-жағармай құю бекеттерінің 74 нысаны зардап шекті, оның 14-і қалпына келтіріліп, жұмыс істеуде.

Қалада 93 ірі сауда объектісі бар (СОСО, СО, СҮ). 11 қаңтардан бастап 6 СОСО (“Глобус», «Спутник», «Ритц палас», «Алма-Ата», «Гранд парк», «Алматы молл»), сондай-ақ 60 СО және т.б. іске қосылды. 12 қаңтардан бастап 8 СОО ашу жоспарлануда («Достық плаза»,» Мега парк»,» Мега Алма-Ата»,» Атакент молл»,» Март»,» Силкуэй сити»,» Алатау»,»АДК»). 17 нысан («Мәскеу», «МБО», «Азия парк», «Алмалы», «Максима», «Асыл» СО, «Нұр» СҮ, «Алма-Ата» СҮ, «Арена» СҮ, «Домиллион» СҮ, «12 ай» СҮ, «Променад» СҮ, «Пассаж» СҮ, «Мегатау» СҮ, «Мерей» СҮ, «Мобил» СҮ, «Сити центр»СҮ) қайта жаңартылуға жатады. «Есентай молл», «Форум» СОСО қаладағы жағдайдың тұрақтануын күтуде, содан кейін келушілер үшін ашық болады.

Бүгінгі күні 3,2 мың қоғамдық тамақтану объектілерінің 1,5 мыңы жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, ТЖ-нің соңына дейін спирттік ішімдіктерді сатпай ашылды. 39 қоғамдық тамақтану нысаны зардап шекті.

Бүгінде 120 кәсіпорынның 82-і жұмыс істейді. 19 қаңтарға дейін 38 кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img