Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Қарағанды өңірінде баллондағы газ құны 30 процентке арзандады

Басқа ақпараттар

Қарағанды өңірінде баллондағы газ 30 процентке арзандады. Бұл туралы 24kz жазды.

Тұрғындарға сұйық отынды жеткізетін 8 бірдей компания сұйытылған газдың әр литрін 70 пен 105 теңге аралығында сатып жатыр. Мәселен облыс нарығының 30 процентін қамтамасыз етіп отырған ірі компанияда 17 литрлік газ баллон 1 мың 500 теңге, ал 34 литрлік үлкен баллонның құны 3 мың теңге болып бекітілді. Егер жеткізу керек болса, бұл сомаға тағы шамамен 500 теңге қосылады. Сондай-ақ Жезқазған қаласында да баға төмендеді. Бұл шаһарда баллондағы газдың литрі 130 теңгеден 88 теңгеге түсті, ал Балқашта әр литрі 85 теңге тұрады.

Дегенмен, көп қабатты үйлерге берілетін орталықтандырылған газдың бағасы өзгерген жоқ.

Асқар Шарафуддинов, ЖШС директоры:

— Көп қабатты үйлерге берілетін газдың бағасы мүлдем басқаша есептеледі. Ол жерде шығын көп. Сондықтан әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Соңғы рет бұл тариф 2019 жылы көтерілген. Қазір елдегі жағдайға байланысты газ құнын көтеруге мораторий жарияланды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img