Алматыда қалалық әкімдікті тазарту жұмыстары басталды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталды.
Оған шамамен 660 адам жұмылдырылып, жақын арада тазарту жұмыстары аяқталады.
Қираған жиһаз, кеңсе техникасы, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады.
Тазалау қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.
Бөгде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратқа және іргелес аумаққа кіруге тыйым салынады.
Қалпына келтіру жұмыстары тазартудан кейін бірден басталады.