Жылдың ортасына дейін әр ел халқының 70%-ын вакциналау жоспары орындалса, пандемияның «ауыр фазасы» осы жылы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы жұма күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Бірақ, оның айтуынша, «омикрон» – соңғы штамм, пандемия аяқталуға жақын деп ойлап, босаңсымау керек.
Айта кетейік, Еуропаның кейбір елдерінде қалпына келтіру процесі жүріп жатыр, соған байланысты маска тағуға, клуб-барлардың жұмысына қатысты шектеулер алынып тасталған.