Бүгін қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады.

Sports.kz сайтының жазуынша, медальдар кестесінде Қазақстан Аустралия және Швейцариямен бірге 17-орынға жайғасты. Қытай командасы – бірінші орында, украиналықтар – екінші орында, ал Канада үздік үштікті түйіндеді.

Еске сала кетсек, қазақстандық Александр Герлиц қола медаль иеленген.