Кәсіпқой бокста өзара ең көп жекпе-жек өткізген рекорд Майк Свини мен Дэнни Крипске тиесілі. 🇬🇧Қос боксшы 1906-1921 жылдар аралығында өзара 63 мәрте жұдырықтасыпты!

БОКС ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ЕЛЕУЛІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕР СЕРИЯСЫ:

1943 жыл. 5 ақпан. (өзара 6 жекпе-жек)
🇺🇸Ла Мотта (30-2-5)🆚🇺🇸Шугар Рэй Робинсон (40-0)

Шугар Рэй Робинсон әуесқой бокста 86 жекпе-жегінде жеңілмеген, кәсіпқой рингте 40 мәрте ұтылмай, алғаш рет қарсыластың жеңісін мойындады (Реванш 1943 жылы 26 ақпанда өтіп, Шугар Рэй Робинсон есесін қайтарды).

1971 жыл. 8 наурыз.(өзара 3 жекпе-жек)
🇺🇸Мұхаммед Әли (31-0)🆚🇺🇸Джо Фрейзер (26-0)

Қос Олимпиада (Мұхаммед Әли 1960 жылы Олимпиада чемпионы, Джо Фрейзер 1964 жылы Олимпиада чемпионы)жеңімпазы, әрі кәсіпқой бокста жеңілістің дәмін татпаған спортшылардың алғашқы жекпе-жегі Джо Фрейзердің пайдасына шешілді. (реванш 1974 жылы 28 қаңтарда өтіп, Мұхаммед Әли есесін қайтарды).

1980 жыл. 20 маусым. (өзара 3 жекпе-жек)
🇺🇸Шугар Рэй Леонард (28-0)🆚🇵🇦Роберто Дюран (71-1)

Шугар Рэй Леонард әуесқой бокста Олимпиада чемпионы (1976), 150 жекпе-жек өткізіп, 145-інде жеңген. Кәсіпқой рингте де қарсылас шыдатпай, WBC дәрежесі бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы еді (реванш 1980 жылы 28 қарашада өтіп, Шугар Рэй Леонард есесін қайтарды).

СІЗ ҚАНДАЙ БОКСШЫЛАРДЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІН ЖАЛЫҚПАЙ КӨРЕ БЕРЕТІН ЕДІҢІЗ?