Бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) GGG жапониялық Риота Муратаны жеңгеннен кейін оны рингке шақырды (42-1-1, 37 КО), деп хабарлайды Prosports.kz.

9 сәуірде Головкин Муратаны нокаутқа түсірген болатын.

«Құттықтаймын, Геннадий Головкин! Сіздің жеңісіңізді естігеніме өте қуаныштымын және бізді бұдан да керемет жекпе-жек күтіп тұр деп сенемін. Осыны жасайық», – деп жазды бразилиялық боксшы Instagram парақшасында.