Алматыда балабақшалар қашан ашылады?

335

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қалада балабақшалар 20 қаңтардан бастап ашылатынын хабарлады.

«Төтенше жағдай режимі аяқталған соң, 20 қаңтардан бастап балабақшалар өз жұмысын бастайды деп жоспарлап отырмыз. Бұл ретте қаладағы эпидемиологиялық жағдай міндетті түрде ескерілетін болады, сондықтан балабақшалар кезекші топ режимінде жұмыс істеуі мүмкін.

Мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәртібі туралы қосымша хабардар етеміз», – деді ол.