Басты бет Жаңалықтар Алматыда балабақшалар қашан ашылады?

Алматыда балабақшалар қашан ашылады?

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қалада балабақшалар 20 қаңтардан бастап ашылатынын хабарлады.

«Төтенше жағдай режимі аяқталған соң, 20 қаңтардан бастап балабақшалар өз жұмысын бастайды деп жоспарлап отырмыз. Бұл ретте қаладағы эпидемиологиялық жағдай міндетті түрде ескерілетін болады, сондықтан балабақшалар кезекші топ режимінде жұмыс істеуі мүмкін.

Мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәртібі туралы қосымша хабардар етеміз», — деді ол.

Exit mobile version