Ақтөбеде төтенше жағдай режимі қашан аяқталуы мүмкін? Бұл сұраққа облыс әкімі Оңдасын Оразалин брифингте жауап берді.
«Өңірдегі жағдайды ескеріп, Мемлекет басшысына екі күннен соң төтенше жағдай режимін алып, еркін қозғалысқа рұқсат беруді сұрап, өтініш бердім. Шектеу қала тұрғындары үшін қиындық тудыратынын білемін. Әкімдік жанындағы бизнес нысандары да жұмысын жалғастырар еді. Дегенмен қауіпсіздік күшейтіледі», — деді Оңдасын Оразалин.