Нұр-Сұлтанда орналасқан 4 ірі сауда орталығындағы бүгінгі азық-түлік бағасы қандай?

10-20 теңгелік өзгерісті есепке алмағанда, елорда базарларында қазір баға, негізінен, тұрақты. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар сөрелерде өткен аптадағы бағамен тұр. Көкөністің де бағасы өзгермеген.

Аптаның басы болғаннан кейін адамдар аз. Сауда жоқ десек те болады. Баға тұрақты. Сенбі, жексебі күндері сатып алушылар көп болды, – деді сатушы.

Айта кетсек, бүгін базарларда сауда нүктелерінің көбі жабық тұр.

Дереккөз: ElordaInfo