Басты бет Жаңалықтар Биыл соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өте ме?

Биыл соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өте ме?

Биыл қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру дәстүрлі офлайн-форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

Вице-министр оқу жылының соңында соңғы қоңырау мен жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру дәстүрлі түрде өткізілетінін айтты.

«Бұл екі іс-шара да дәстүрлі түрде, өткен жылдардағыдай белгіленген мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз бетінше өткізеді. Аттестат тапсыру — бұл балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл іс-шара да өтеді», — деді ол.

Exit mobile version