Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары белгілі болды. ҚР ИИДМ сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, бағдарлама бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңге. Оның 30 миллиард өңірлердегі автобус паркін жаңартуға жұмсалады.
Азаматтар тек екі жылда бір рет жеңілдетілген автонесие ала алады.
Банктерде қарыз алушыларды қаржыландырудың жағдайы мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы міндетті.
Айта кетейік, екінші деңгейлі банктердің Қазақстанда өндірілген автокөліктерді сатып алуға несие беру шарттары мынадай:
- сыйақы мөлшерлемесі — 4 пайыз
- несие сомасы — 10 миллион теңгеден аспайды
- қаржыландыру мерзімі — 7 жылдан аспайды
- бастапқы жарна — 0 %
- көлік құны — 15 миллион теңгеден аспайды.