Астана қалалық «Маусымашар-2018» фестивалі өтті

1803

Мамыр айының 11 жұлдызында «Жастар» сарайында Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігі аясында «Маусымашар-2018» фестивалінің гала-концерті өтті.


Елордамыздың 20 жылдығымен тұспа-тұс келген жайдарманның 14 маусымында Астана қаласының «Маусымашар-2018» фестиваліне 45 команда тіркеліп, редакторлық жұмыстар нәтижесінде гала-концертке 19 команда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.


Осылайша Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен Астана қалалық біріншілігі 5 маусымын бастады. Командаларға сәттілік тілеп, оларды марапаттау үшін Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының атынан Данияр Нұрашұлы Есин арнайы келді.


Фестивальге қатысқан барлық командалар Жоғары және Премьер лигаға бөлінді. Жоғары лигаға өткен командалар Астана қалалық біріншілігінде бақтарын сынайтын болады.