Суббота, 21 декабря, 2024
No menu items!

Жолпол тексергенде видеоға түсіруге бола ма?

Басқа ақпараттар

Өз қызметтік міндетін орындап жатқан жол-патрульдік полиция қызметкерін бейнекамераға түсіруге заң жүзінде рұқсат етілген. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Біріншіден, полиция қызметкеріне де Азаматтық кодекс ықпал етеді. Яғни кез келген азамат секілді ол да өз бейнесінің таралуына қарсы болса, бейнекамераға түсіруге тыйым салынады. Екіншіден, полиция қызметкері өз қызметтік міндетін атқарғанда — оқиға орнын зерттеп, тергеумен айналысып жатқанда да, таспаға түсіруге болмайды. Бірақ, жол полициясы қызметіне қатысты жағдайларда бейнекамера қолдануға рұқсат беріледі.

Біз қазір жол полициясы туралы заңға өзгеріс енгіздік, бұдан былай жүргізушіні тоқтатып, хаттама толтырған жол полициясы қызметкерін бейнекамераға түсіруге болады және бұл заңды болып табылады», — деді министр Қызылорда тұрғыны қойған сұраққа жауап бере отырып.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов есеп беру кездесуін өткізіп, республика тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және жеке мәселелерін тыңдады.

inform.kz

Соңғы жарияланымдар

Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз