Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық жайдарман фестивалі өтуде

Басқа ақпараттар

«Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы» ММ мен «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық жайдарман фестивалі өткізілуде.  Үш күнге созылған фестивалдің алғашқы күнінде қатысушылар ашылу салтанатына жиналып, Жастар сарайында арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалады.

Түркі тілдес елдерден келген қонақтардың, қазақстандық жайдарманшылардың және әкімдік өкілдерінің қатысуымен өткен салтанатты кешті белгілі жайдарманшылар Ғалымжан Кеңшілік пен Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Шара барысында әр елдің жастары бір-бірімен жақыннан танысып, сахнадағы бәсекелестеріне сәттілік тілеумен тарқасты.

Сондай-ақ, 2-күні де қызыққа толы болды. Әр елден жиналған қатысушыларға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара жоспар бойынша қонақтарды Нұр-Сұлтан қаласының орталығындағы зәулім ғимараттарын аралатып, таныстырумен  басталды. «Бәйтерек» пен «ЭКСПО» кешендерін, Ұлттық музейді  және мәдени ғимарат саналатын театрды тікелей тамашалады. Бұл экскурсия қазақ халқының салт-дәстүрлері дәріптеліп, тарихына көз жүгіртіп, мәдениет және әдебиетінен сыр шертуге сеп болды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img