Демалыс күндері Алматы облысында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көлі жағасындағы демалушылар мен қонақтарға судағы қауіпсіздікті сақтау туралы рейд жұмыстарын дауыс ұлағайтқыш құралымен және үгіт-нсихат түрінде жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – шомылу маусымындағы су қоймаларында адам өлімінің алдын алу.
Жедел мәліметтер бойынша Алматы облысы аумағында шомылу маусымында облыстың су қоймаларында 125 судағы төтенше жағдайлар тіркелді, онда зардап шеккендер 194 адам, оның ішінде 41 балалар, батып кеткендер 54 адам, соның ішінде 16 балалар, Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен 140 адам құтқарылды, оның 24-і — балалар.
Адамдардың қаза болуының басты себебі: суға шомылуға тыйым салынған жерлерде суға шомылу (65%); қараусыз қалған балалар (15%); күзетілетін жерлерде суға шомылу (15%); басқа да себептер бойынша (5%).
Облыс тұрғындарынан, демалушылары мен қонақтарынан Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауларын және өзі мен жақындарының өміріне қауіп төндірмей, судағы жүріс-тұрыс қағидаларын ұстанып, абай болуды сұрады. Қайғылы оқиғаны болдырмаудағы, суға шомылу немесе балық аулау кезіндегі қарапайым ережелер:
-жүзе алмасаңыз, терең (белден жоғары) жерге бармаңыздар.
-мас күйінде және тойып тамақ ішкенде суға түспеу керек. Алкогольдік ішімдік ішкен кезінде адамның жүрек соғысы және тыныс алу жолдары әлсіреп, адам организмі өз-өзін бақылай алмайды. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек!
-суға шомылуға болмайтын аймақтарда, білмейтін жерлерде суға түспеу керек. Тексерілмеген және терең үңгірлі, ағыны қатты, лайлы су қоймаларында суға түсу адам өміріне қауіпті.