Среда, 21 мая, 2025
No menu items!

Коронавирус белгілері байқалса қайда хабарласуға болады?

Басқа ақпараттар

Елордада коронавирустық инфекция мәселелері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жанынан Азаматтарға арналған call-орталықтар құрылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты денсаулық сақтау қызметтеріне түсетін күш артып келеді. Мысалы, жедел медициналық жәрдем қызметіне тәулігіне 4 мыңнан астам қоңырау түседі, ал шақырулар саны шамамен 3 мыңды құрайды, оның ішінде КВИ мәселелері бойынша тәулігіне 300-ге дейін жетеді.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін емханалар жанында Call-орталықтар жұмыс істейді, осы арқылы пациенттер инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде аумақтық тіркеу бойынша, сондай-ақ КВИ бойынша өзге де медициналық ұйымдардың бәріне жүгіне алады.
Байланыс телефондары қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында көрсетілген. Құжатты сілтемелер арқылы жүктеуге болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-uoz/documents/details/196450?lang=ru&publication_type=_283

https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-uoz/documents/details/196450?lang=kk&publication_type=_283

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «SUPER LIGA» Жайдарман ойыны өтті

10 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Алатау дәстүрлі өнер театрында республикалық «SUPER...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз