Биыл жастарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грант көлемі мен «Алғашқы жұмыс орны» және «Жастар практикасы» жобалары бойынша жалақыны субсидиялау көлемі өсті. Бұл туралы Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов брифингте хабарлады, деп жазады Ақ Жайық газетінің сайты.

Былтыр мемлекеттік қайтарымсыз грант көлемі 200 АЕК құраса (шамамен 620 мың теңге), биыл 400 АЕК-ке (1 млн 225 мың теңге)  көбейеді.

«Алғашқы жұмыс орны» бойынша былтыр жалақы субсидиясы 20 АЕК (58 340 теңге) болса, биыл 30 АЕК (91 280) теңге болды. Оған қоса, субсидиялау мерзімі 12 айдан 18 айға ұзартылды.

2022 жылы бағдарламаға 924 жасты тарту жоспарланып отыр. Бұл ретте субсиядия көлемі 25 АЕК-тен (72 925 теңге) 30 АЕК-ке (91 280 теңге) дейін өсті. Ал жарамдылық мерзімі алты айдан бір жылға дейін ұзартылды.