Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев Қазақстанда қант тапшылығы болмайтынын, егер дүкендер қант бағасын негізсіз көтерсе, қайда хабарлау қажеттігін айтты.

Сауда нүктелерінде бағаны көтеру фактілері анықталса, мынадай кері байланыс арналарына хабарласқан жөн: жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер), ҚР Сауда және интеграциялар министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «e-Tutynushy» сайты, ҚР СИМ Сауда комитеті және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, – деді Ержан Қазанбаев.