COVID-19 жұқтыру маусымға дейін төмендейді, содан кейін коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Гамалея орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Альтштейн мәлімдеді.
Альтштейннің сөзінше, бүкіл әлемде COVID-19 жұқтыру біртіндеп төмендей бастады. Ол қазір коронавирустың жағдайы екі жыл бұрынғы жағдайдан мүлдем өзгеше, сондықтан көп ұзамай індет «өз механизмдерімен» кетеді деп санайды.
«Бізде (Ресейде. — автор.) екпе алғандар көп. Адамдардың 50 пайыздан астамы вакциналанған. Ауырып шыққандар көп. Жалпы, індет аяқталады. Менің ойымша, маусымға қарай көрсеткіштер өте төмен болады», — деді Анатолий Альтштейн.
Дереккөз: Dauletten.kz