Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Алматы облысында этномәдени бірлестіктер кездесуі өтті

Басқа ақпараттар

Қызылқайрат ауылдық Мәдениет үйіне жиылған қауым Қазақстан халқы Ассамблея­сының ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізіп, облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен және облыстық «Славян қауымдас­тығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Н. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі ұлттық сананы сақтау­дың негізі» атты игілікті басқосуға куә болды. Этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысқан кездесуді аудан әкімінің орынбасары Дәрменияр Алғатбекұлы ашып, жүргізіп отырды.

– Елбасының салиқалы сая­сатының арқасында дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы жүйелі жұмыс атқаруда. Бүгінгі басқосуымыздың негізгі мақсаты – тұрақты этносая­сатты қалыптастырып, Қазақстан халқы Ассамблея­сы жанындағы қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін көтеру. Бүгін Ассамблея этнос­аралық және конфессия- аралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тірлік кешіп отыр­ған барлық ұлттардың өзара тең құқылы қатынасын қамтамасыз етуші рөлін атқаруда, – деп жиынның тиегін ағытқан Д. Ал­ғатбекұлы кездесуге қатысушыларды таныстырып өтті.

Сөз кезегін алған Л.Н. Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, саясаттану ғылымының докторы Наталья Калашникова:

– Өмірімнің өзекті жылдары жер жаннаты Жетісу өңірімен тікелей байланыс­ты. Көпұлтты халықтың татулық бесігіне айналған өңірде адамдар арасындағы мейі­рім мен ынтымақ-бірліктің тамыры тереңдеп, ұрпаққа ұлағат боларлық жарқын істер жалғасын тауып келеді, – деп Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған ауқымды жұмыс­тарын жіпке тізгендей етіп баяндап берді. Баяндама барысында модератор Қазақстан жеріне тұрақтаған этнос­тардың тарихын тарқатып өтті. Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөл атқаратындығын атады. Ассамблея – этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз ететіндігін, соған лайық, республика аумағында 38 Достық үйі, 70-тен астам этномәдени орталық пен 100-ден асатын этномәдени бірлестік ұлт­аралық келісім мен татулықты нығайту жолында еңбек етіп отырғандығын айрықша айтып өтті. Олар Қазақстан халқының ұлттық мәдениетінің, тілі мен дәстүрінің өркендеуіне, сақталуы мен дамуына сүбелі үлес қосуда. Тақырыпқа орайлас­тырылған слайд жұмысының да әсері аз болмады.

Шараның басты мақсаты – ұлтаралық келісім мен ұлт­аралық қатынастың дұрыс жағдайда өрбуіне ықпал ету. Мемлекетіміздің тарапынан қабылданып жатқан барлық стратегия­лық бағдарламалар ұлтаралық татулық пен келісімге негізделген. Бұл жерде, әрине, Қазақстан халқы Ассамблеясына үлкен міндет жүктелген. Сондықтан да шараға қатысушылар осы бағытта ой өрбітті. Солардың бірі облыстық Әзірбайжан бірлестігінің төрайымы, облыс­тық Ассамблеяның мүшесі Асылы Осман:

– «Бәрін айт та бірін айт» демекші, Елбасымыз­дың сарабдал саясатын осындай биік дәрежеде айтып, жеткізу – міндетіміз. Мұның ең негізгі ұйытқысы, өзегі – топырақ иесі, яғни, даладай пейілі кең қазақ халқының мейірімі мен қайырымы, – деп өз шығармашылығынан хабар берді. – Менің еңбегімде көпұлтты халқымыздың негізгі ұйыстырушысы – қазақ халқы екендігі айтылған. Бұл күнде біз Елбасының ұстанып отырған саясатының кемелдігін, оны Қазақстан жұртшылығы ғана емес, әлем мойындап отырғанын ұғамыз, сезінеміз. Біз осы уақытқа дейін шын мәнінде экономикаға көңіл бөлдік, ішкі-сыртқы сая­сатты ұқтық, түсіндік. Енді етек-жеңіміз жиылған тұста Елбасымыздың рухани жаңғыру жөніндегі мақаласы жарияланып, рухани жағынан қамдануымыз керектігі тапсырылып отыр. Рухани жетілусіз  толыққанды азамат бола алмаймыз.

Иә, жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір көпұлтты қазақстандықтардың ең ізгі мұраты – ел тыныштығы. Бұл орайда ұлтаралық татулықтың тамырын тереңдетіп, ұрпақ санасына сіңіру – азаматтық парыз саналады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img