Суббота, 21 декабря, 2024
No menu items!

Алматы облысының шаруалары мегаполис тұрғындарына арзан көкөніс жеткізіп беруге келісті

Басқа ақпараттар

Алматы облысының шаруалары мегаполис тұрғындары үшін арзан бағамен көкөністер жеткізуге келісті.

Енді Алматы халқы үшін облыс шаруалары жыл бойы экологиялық таза қызынақ пен қиярды арзан бағада жеткізіп тұрмақ. Бүгін қалалық әкімдікте  Ұйғыр ауданындағы 7 жылыжай кешенінде өсетін көкөністерді жеткізу жөнінде меморандумға қол қойылды. Азық-түлік белдеуі мен аймақаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында қол қойылған келісім нәтижесі бойынша жақын арада қалада барлық ірі сауда орындарына көкеністер үздіксіз жеткізіле бастайды.

Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы жеткізілген өнімдер нарық бағасынан 15 пайыз арзан болатынын мәлімдеді. Өйткені, тауарлар делдалсыз өндірушіден сауда орнына тікелей жеткізілмек.

«Алдағы уақытта осындай келісімдерді Алматы облысының өзге де аудандарымен және Қазақстанның өзге де аймақтарымен жасау жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Соңғы жарияланымдар

Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз