Алматы облысының шаруалары мегаполис тұрғындарына арзан көкөніс жеткізіп беруге келісті

1220

Алматы облысының шаруалары мегаполис тұрғындары үшін арзан бағамен көкөністер жеткізуге келісті.

Енді Алматы халқы үшін облыс шаруалары жыл бойы экологиялық таза қызынақ пен қиярды арзан бағада жеткізіп тұрмақ. Бүгін қалалық әкімдікте  Ұйғыр ауданындағы 7 жылыжай кешенінде өсетін көкөністерді жеткізу жөнінде меморандумға қол қойылды. Азық-түлік белдеуі мен аймақаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында қол қойылған келісім нәтижесі бойынша жақын арада қалада барлық ірі сауда орындарына көкеністер үздіксіз жеткізіле бастайды.

Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы жеткізілген өнімдер нарық бағасынан 15 пайыз арзан болатынын мәлімдеді. Өйткені, тауарлар делдалсыз өндірушіден сауда орнына тікелей жеткізілмек.

«Алдағы уақытта осындай келісімдерді Алматы облысының өзге де аудандарымен және Қазақстанның өзге де аймақтарымен жасау жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.